Браузердегі деректерді импорттау

  1. Мобильді құрылғыларда синхрондауды қосыңыз:

    1.  →  → Синхрондауды қосу батырмасын басыңыз.

    2. Логин мен құпиясөзді енгізіңіз немесе тізімнен аккаунтты таңдаңыз.

      Ескерту

      Егер сіз Яндексте тіркелмеген болсаңыз, синхрондауды қоса алмайсыз, себебі сервердегі деректер Яндекс ID аккаунтында сақталады. Тіркелу үшін Тіркелу батырмасына басыңыз және есептік жазбаның параметрлерін толтырыңыз.

    3. Кіру батырмасын басыңыз.

    Синхрондалған деректер тізіміне өту үшін  →  → Синхрондау опциясын басыңыз.

  2. Компьютердегі Яндекс Браузер орнатыңыз.

  3. Синхрондауды қосып, қай деректерді синхрондау керектігін көрсетіңіз.

  4. Басқа браузердегі деректерді импорттаңыз.

    Сіздегі Яндекс Браузердің баптауларында көрсетілген браузерлерден деректерді тікелей импорттай аласыз.

    Назар аударыңыз

    Егер деректеріңізді шифрлау қосылған болса, сіз Google Chrome браузерінен деректерді импорттай алмайсыз.

    Егер браузеріңіз баптауларда болмаса, бірақ ол деректерді бетбелгілері бар HTML файлына сақтай алса, деректерді сол файл арқылы тасымалдаңыз. Деректерді импорттауды бастамас бұрын, деректеріңізді HTML файлына сақтаңыз. Оны жасау жолын браузер анықтамасынан қараңыз.

    1.  → Баптаулар опциясын басыңыз.

    2. Жалпы баптаулар бөліміндегі Синхрондау блогында Деректерді импорттау опциясын басыңыз.

    3. Браузерлердің бірін немесе бетбелгілері бар HTML файлын таңдаңыз.

    4. Қай деректерді импорттау керектігін көрсетіңіз:

      • Тарих;
      • Бетбелгілер;
      • Құпиясөздер;
      • Іздеу жүйелері;
      • Соңғы ашылған қойындылар;
      • Жүйе баптаулары.
    5. Көшіруді басыңыз.

    Көшіру аяқталған соң біраз уақыттан кейін деректер синхрондалып, мобильді Браузерде пайда болады.

Қолдау қызметіне жазу