---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.50.2
alternate:
  - https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/useful-features/alice-troubleshooting.md
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/llms.txt

# Мәселелерді шешу

## Баптаулар {#settings}


{% cut "Микрофонды қалай баптауға болады" %}


Құрылғыңыздың баптаулары арқылы мобильді Яндекс Браузерге микрофонды пайдалануға рұқсат беріңіз.

Егер бұл көмектеспесе, [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы бізге жазыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Тілді қазақшаға қалай ауыстыруға болады" %}

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4-new.md -->
   <svg width="24" height="24" viewBox="0 0 24 24" fill="none" xmlns="http://www.w3.org/2000/svg"><path d="M3 6H21V8H3V6Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 11H21V13H3V11Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 16H21V18H3V16Z" fill="currentcolor"/></svg>→ <svg width="20" height="20" viewBox="0 0 20 20" fill="none" xmlns="http://www.w3.org/2000/svg"><path d="M6.42843 1.28746L7.30931 2.48554C7.57922 2.84907 7.92883 3.16041 8.39792 3.2861C8.89507 3.41931 9.39916 3.33763 9.8116 3.098C10.2012 2.87164 10.479 2.49629 10.6519 2.04409L11.1941 0.65929C11.3335 0.303259 11.7184 0.109093 12.0876 0.208574L12.5874 0.343243L13.0875 0.476487C13.4575 0.57508 13.6938 0.936615 13.6357 1.31512L13.4101 2.78315C13.3375 3.26476 13.3918 3.73114 13.6186 4.12313C13.8564 4.53401 14.2507 4.85434 14.7454 4.98691C15.2209 5.1143 15.683 5.01121 16.1045 4.82931L17.4485 4.24099C17.7985 4.08777 18.2077 4.22216 18.3988 4.55305L18.9174 5.45133C19.1086 5.78244 19.0201 6.20434 18.712 6.43073L17.5151 7.31016C17.1523 7.58087 16.8409 7.92983 16.7152 8.3987C16.582 8.89584 16.6637 9.39994 16.9033 9.81237C17.1296 10.2018 17.5047 10.4794 17.9566 10.6524L19.3416 11.1946C19.6979 11.334 19.8921 11.7192 19.7923 12.0885L19.6574 12.5882L19.5244 13.0886C19.4261 13.4584 19.0651 13.6949 18.6868 13.6374L17.2167 13.4139C16.7362 13.3379 16.27 13.3927 15.8782 13.6194C15.4673 13.8572 15.147 14.2515 15.0144 14.7462C14.8886 15.2157 14.984 15.6744 15.1641 16.0903L15.7602 17.4508C15.9135 17.8007 15.7794 18.21 15.4486 18.4012L14.9993 18.6609L14.5485 18.9208C14.218 19.1114 13.7971 19.0235 13.5705 18.7166L12.7226 17.5681C12.4401 17.1883 12.0927 16.8473 11.6026 16.716C11.1056 16.5828 10.6016 16.6644 10.1892 16.9039C9.7988 17.1307 9.52121 17.5072 9.3479 17.9606L8.80614 19.3438C8.66686 19.6994 8.28259 19.8936 7.91368 19.7947L6.91155 19.5262C6.54219 19.4272 6.30643 19.0662 6.3643 18.6883L6.58889 17.2213C6.66286 16.7382 6.60887 16.2702 6.38087 15.8772C6.14303 15.4672 5.74915 15.1476 5.25512 15.0152C4.7689 14.8849 4.29975 15.0013 3.86877 15.1877L2.54862 15.7641C2.19809 15.9172 1.78854 15.7819 1.5981 15.4502L1.34118 15.0027L1.08099 14.5545C0.88859 14.2231 0.976961 13.8 1.28592 13.5733L2.48389 12.6943L2.48314 12.693C2.84689 12.4222 3.15945 12.0732 3.28532 11.6034C3.4185 11.1064 3.33689 10.6024 3.09739 10.19C2.87101 9.80023 2.49545 9.5225 2.04307 9.34939L0.658133 8.80725C0.301972 8.66783 0.107779 8.28273 0.207421 7.91346L0.341974 7.41481L0.475258 6.91388C0.573722 6.54381 0.935171 6.30735 1.31369 6.36538L2.7823 6.59053C3.26452 6.66415 3.73176 6.60928 4.12416 6.38165C4.53417 6.1438 4.85376 5.74993 4.98613 5.2559C5.11277 4.7833 5.01246 4.32332 4.83237 3.90397L4.23903 2.55175C4.08507 2.20087 4.22035 1.79035 4.55277 1.59976L5.00088 1.34282L5.44724 1.08333C5.77843 0.890795 6.2015 0.978807 6.42843 1.28746ZM8.89105 14.1398C11.1773 14.7524 13.5274 13.3956 14.14 11.1093C14.7526 8.82303 13.3958 6.47301 11.1095 5.86041C8.82322 5.2478 6.4732 6.60458 5.8606 8.89086C5.24799 11.1771 6.60477 13.5272 8.89105 14.1398Z" fill="currentcolor"/></svg> басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4-new.md -->

2. **Алиса** бөлімінде **Алисаның тілі** батырмасын басып, қазақ тілін таңдаңыз.

3. **Іздеу** бөлімінде **Аймақ** батырмасын басып, Қазақстанды таңдаңыз.

{% endcut %}

{% cut "Алисаны қалай сөндіруге болады" %}


Алисаны толық сөндіру мүмкін емес, бірақ, сіз Алисаны дауыс арқылы қосу мүмкіндігін ажыратып тастай аласыз, сонда ол дауыстық пәрмендер мен сұрақтарға жауап бермейді:

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4.md -->
   <svg width="24" height="24" viewBox="0 0 24 24" fill="none" xmlns="http://www.w3.org/2000/svg"><path d="M3 6H21V8H3V6Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 11H21V13H3V11Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 16H21V18H3V16Z" fill="currentcolor"/></svg>&nbsp;→ **Баптаулар** тармағын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4.md -->

 

1. **Іздеу** бөлімінде **Дауыстық мүмкіндіктер** батырмасын басыңыз.
1. **Дауыстық белсендіру** опциясын өшіріңіз.

Егер сіз Алисаның орнына қарапайым дауыстық іздеуді пайдаланғыңыз келсе немесе дауыстық іздеуді мүлде пайдаланғыңыз келмесе:

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4.md -->
   <svg width="24" height="24" viewBox="0 0 24 24" fill="none" xmlns="http://www.w3.org/2000/svg"><path d="M3 6H21V8H3V6Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 11H21V13H3V11Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 16H21V18H3V16Z" fill="currentcolor"/></svg>&nbsp;→ **Баптаулар** тармағын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4.md -->
1. **Іздеу** бөлімінде **Дауыстық мүмкіндіктер** батырмасын басыңыз.
1. **Дауыстық іздеу** немесе **Дауысты қолданбау** опциясын қосыңыз.

Бізге Браузерде Алисаны көргіңіз келмейтін себептер туралы [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы айтып беріңіз. Бұл Алисаның жақсаруына септігін тигізеді.


{% endcut %}

{% cut "Алиса сөйлемейді, тек қана жазады" %}


Алиса сұрақ дауыстап қойылған жағдайда ғана жауапты дауыстап айтып береді. Егер сіз мәтінді виртуалды пернетақтада терсеңіз, онда Алиса сізге жазбаша түрде жауап береді.

Егер сіз сұрақты дауыстап қойсаңыз, онда көз жеткізіп алыңыз:

- планшетіңізде үнсіз режим сөндіру. Мысалы, Браузерде видеоны қосып, дыбыстың бар-жоғын тыңдаңыз;
- планшетіңіз сыртқы құрылғыларға USB немесе Bluetooth арқылы қосылмаған.

Егер бұл көмектеспесе, [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы бізге жазыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Алиса оны шақырмаған кезде белсендіріледі" %}


Алиса өз атына жауап береді, бірақ дыбысталған сөздер мен сөйлемдер жалған іске әкелуі мүмкін. Оның алдын алу үшін дауыстық белсендіруді сөндіре аласыз:
1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4.md -->
   <svg width="24" height="24" viewBox="0 0 24 24" fill="none" xmlns="http://www.w3.org/2000/svg"><path d="M3 6H21V8H3V6Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 11H21V13H3V11Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 16H21V18H3V16Z" fill="currentcolor"/></svg>&nbsp;→ **Баптаулар** тармағын басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/open-sett-4.md -->
    
1. **Іздеу** бөлімінде **Дауыстық мүмкіндіктер** батырмасын басыңыз.
    
1. **Жүйедегі дауыстық белсендіру** опциясын сөндіріңіз.


{% endcut %}

{% cut "Мен Алисадан ескерту қоюын сұрадым, бірақ ол келмейді" %}


Байқап көріңіз:

- Планшетте қуатты үнемдеу режимін сөндіру. Кейбір құрылғылар батарея қуаты төмен болған кезде автоматты түрде қуатты үнемдеу режиміне өтеді. Осы себептен ескерту кешіктірілуі мүмкін.
- Планшетте «Мазаламау» режимін сөндіру немесе қосулы режим кезінде ескертпелерді көрсетуге рұқсат беру.
- Планшет баптаулары арқылы Браузер үшін хабарламаларды көрсетуге рұқсат беру.
- Қосылысты тексеріңіз немесе байланыс түрін өзгертіңіз (Wi-Fi немесе мобильді интернет). Дұрыс жұмыс істеуі үшін Алисаға тұрақты интернет байланысы қажет.
- VPN немесе прокси-серверді уақытша сөндіріп, мәселенің бар-жоғын тексеру.

Егер бұл көмектеспесе, [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы бізге жазыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Алисаның компьютердегі жұмысы бойынша сұрақ" %}


Компьютердегі Яндекс Браузерге арналған [Мәселелерді шешу](https://yandex.kz/support/browser/kk/alice/troubleshooting.html) атты мақаладағы жауаптармен танысып шығыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Алисаның баптаулары бойынша басқа сұрақ" %}


Егер тізімнен өз сұрағыңызды таппасаңыз, бізге [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы жазыңыз. Жағдайды мейлінше толығырақ сипаттаңыз, мүмкіндігінше скриншотты қосыңыз.


{% endcut %}


## Тілдесу {#conversation}


{% cut "Алиса сұраққа жауап бермейді, жай сөйлесе бастайды" %}


Алисада екі режим бар:

- Функционалдық — ақпаратты табу, қосымшаны ашу, оқу, бағдар құрастыру және т. б.
- Сөйлесу режимі — сізбен әңгімелесу.

Әдетте, Алиса «Әңгімелесейік» пәрменінен кейін сөйлесу режимін қосады. Алайда, ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Егер сіз сондай жағдайға тап болсаңыз, жай ғана: «Алиса, жеткілікті», — деп айтыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Маған Алисаның жауабы ұнамады" %}


Егер Алиса дұрыс жауап бермесе, ![](../_assets/alice-dislike-tablet-icon.png =22x) басыңыз да [себебін](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/useful-features/alice-voice.md) көрсетіңіз. Сіз қойған баға Алисаға алдағы уақытта сай келетін жауаптарды таңдауға көмектеседі. Егер Алисаның жауабы орынсыз болса, бізге [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы жазыңыз. Мүмкіндігінше, Алисамен жүргізілген диалогтың скриншотын тіркеңіз.


{% endcut %}

{% cut "Алиса мені атыммен атамайды" %}


Қазір Алиса адамның атын тек [Яндекс Станцияны](https://alice.yandex.kz/support/kk/station/help-my-station) пайдалану кезінде ғана есіне сақтай алады. Мобильді құрылғыларға арналған Браузерде әзірше мұндай мүмкіндік жасалмаған.


{% endcut %}

{% cut "Алисамен тілдесу туралы басқа сұрақ" %}


Егер тізімнен өз сұрағыңызды таппасаңыз, бізге [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы жазыңыз. Жағдайды мейлінше толығырақ сипаттаңыз, мүмкіндігінше скриншотты қосыңыз.


{% endcut %}



## Техникалық мәселелер {#problems}


{% cut "Алиса орналасқан жерді дұрыс анықтамайды" %}


Байқап көріңіз:

- Геодеректер берілісін қосып, Браузерге өз планшетіңіздің баптаулары арқылы тұрған жеріңізді анықтауға рұқсат ету.
- Браузер параметрлерінде орналасқан жерді қолмен орнату: <svg width="24" height="24" viewBox="0 0 24 24" fill="none" xmlns="http://www.w3.org/2000/svg"><path d="M3 6H21V8H3V6Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 11H21V13H3V11Z" fill="currentcolor"/><path d="M3 16H21V18H3V16Z" fill="currentcolor"/></svg>&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Іздеу**&nbsp;→ **Аймақ**.
- Браузерді қайта орнату.

Егер бұл көмектеспесе, [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы бізге жазыңыз. Алиса қай кезде тұрған жеріңізді қате анықтайтындығын нақтылап беріңіз: сіз «Мен қайдамын?» деп сұрасаңыз, Алиса сізге басқа қаладағы ауа райы туралы ақпарат жібереді және т. б. Мүмкіндігінше, диалог скриншотын қоса жіберіңіз.


{% endcut %}

{% cut "Алиса маған жауап бермейді" %}


Сұрақтарға жауап беру үшін Алисаға интернетке тұрақты кіру қажет. Интернет қосылғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін қосылымыңызды тексеріңіз, бағдарламаны қайта іске қосыңыз және тағы да сұраңыз.

Егер бұл көмектеспесе, [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы бізге жазыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Алиса мені естімейді" %}


Планшетіңіздің баптаулары арқылы Браузерге микрофонды пайдалануға рұқсат беріңіз.

Егер бұл көмектеспесе, [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы бізге жазыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Алиса үнемі «Менің серверім істемей тұр» деп айтады" %}


Мұндай хабарлама уақытша ақаулардың белгісі болуы мүмкін. Браузерді қайта іске қосып, Алисадан бірнеше минуттан кейін бірдеңе сұрап көріңіз. Егер бұл көмектеспесе, [форма](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/feedback/feedback.md) арқылы бізге жазыңыз.

{% endcut %}


{% cut "Алиса мәтінді оқымай тұр" %}

- Алиса [оқу режимі](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/personal-settings/site-appearance.md#read-mode) қолжетімді беттерді ғана оқып жатыр. Мұндай беттер үшін [Ақылды жолда](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/navigation/search.md) ![](../_assets/read-mode-on.png =22x) белгісі пайда болады.

- Қуатты үнемдеу режимінде беттер үшін оқу режимі сөндірілуі мүмкін (егер ол баптаулар арқылы солай белгіленген болса). Бұл жағдайда, Алиса мәтінді оқи алмайды. Қуатты үнемдеудің [баптауларында](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-tablet/kk/economy-mode/energy-saving.md#adjustment) оқу режимі қосылғанын тексеріп алыңыз.

{% endcut %}


<!-- {% include [form](../_includes/reusables/forms-and-buttons/id-form/form.md) %} -->

<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
# {#form}


