Арнайы мүмкіндіктер
Яндекс пайдаланушыларының қамын ойлайды және Браузер мен басқа сервистерді мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлдеқайда қолжетімді етіп жасайды.
Ең жиі пайдаланылатын функциялар:
Браузерде қосымша қолжетімділік функциялары бар:
Қосымша функциялар
-
Авторизация және Браузерден шығу.
-
Деректерді басқа құрылғылармен синхрондау.
-
Іздеу сұранымдары, сайттарға өту.
-
Ашық қойындыларды басқару: бұрын ашылған қойындылар тізімін көру, қойындыларды жаңарту, ашуға немесе жабуға болады.
-
Қойындылар топтарын басқару: жаңа топтар құруға, олар бойынша қойындыларды үлестіруге және қойындыларды топтар мен терезелер арасында жылжытуға болады.
-
Тарихты басқару: тарихты көруге, сілтемелерді ашуға, тарихты тазартуға болады.
-
Файлдарды жүктеп алу және олармен жүктеу менеджерінде жұмыс істеу.
-
НАА (нөмірді анықтағыш) және Яндекс Станцияны басқару.
-
Яндекс Браузер баптаулары.
-
Мәтінмәндік мәзір.
-
Сілтемелерді көшіру және басқа қосымшаларға жіберу.
-
Жеке деректерді (құпиясөздерді, банк карталарын) жылдам ашу.
-
Смартфон экранында пайда болатын хабарландыруларды дыбыстау.
TalkBack функциясына қолдау көрсету
Яндекс Браузер TalkBack (Samsung смартфондарында — Voice Assistant және TalkBack) экраннан оқу бағдарламасына қолдау көрсетеді. Ол экрандағы нәрселердің барлығын және не болып жатқанын дауыстап айтады. Ал пайдаланушы процесті қимылмен басқарады.
TalkBack бағдарламасын іске қосу
-
Құрылғының баптауларын ашыңыз.
-
Арнайы мүмкіндіктер бөліміне өтіңіз.
-
TalkBack бағдарламасын қосыңыз.
TalkBack параметрлерін баптау
-
Сөздер экранда мәтін ретінде қосымша көрсетілуі үшін, Talkback → Баптаулар → Кеңейтілген баптаулар → Әзірлеушілерге → Сөзді мәтінге түрлендіру опциясын қосыңыз.
-
Мәтінді сөзге түрлендіру бөлімінде Тіл параметрін таңдап, Сөйлеу жылдамдығы және Екпін опциясын баптаңыз.
-
Дыбыстар және діріл бөлімінде мына опцияларды қосыңыз:
-
Діріл сигналы
-
Қосымшалар дыбысын өшіру
-
Дыбыстық сигнал
Дыбыстық сигнал деңгейі параметрін баптаңыз.
-
-
Мәліметтер бөлімінде мына опцияларды қосыңыз:
-
Мәтінді дыбыстау
-
Тізімдер мен торлар туралы ақпаратты дыбыстау
-
Тізім элементтерінің санын дыбыстау
-
Элемент түрін дыбыстау
-
Терезе атауларын дыбыстау
-
Экран өшірілген кезде хабарландыруларды дыбыстау
-
Дыбыстау кезінде екпінді өзгерту
-
Әріптерді мысалдармен дыбыстау
-
Орындалу барысы туралы хабарландыруларды дыбыстау
-
Элементтердің идентификаторларын дыбыстау
-
Тыныс белгілерін және таңбаларды дыбыстау
-
-
Құпиясөздерді дыбыстау опциясын қосыңыз: Talkback → Баптаулар → Кеңейтілген баптаулар → Аудио → Құпиясөздерді дыбыстау.
Ақылды камера
Ақылды камера — бұл мобильді Яндекс Браузердегі камера. Ол заттарды анықтап біледі, не көретінін айтып береді және қайдан сатып алуға болатыны туралы кеңес береді. Сондай-ақ мәтінді таниды, жазбаларды аударады және құжаттарды сканерлейді.
Ақылды камераны ашу
Ақылды камераны мына тәсілдердің бірімен ашуға болады:
-
Яндекс Браузердің Ақылды жолында
таңбасын басыңыз. -
TalkBack бағдарламасын қосып, дауыстық нұсқауларды орындаңыз.
Ақылды камера әр түрлі режимдерде істейді. Олардың арасында ауысып отыру үшін экранды оңға немесе солға сырғытыңыз.
Режимдер
-
Іздеу немесе Тауарлар режимдерінде камераны объектіге бағыттаңыз: дауыстық көмекші затты танып, ол туралы айтып береді. Егер ол сатылатын болса, дүкендер мен бағасы туралы ақпарат береді.
-
Іздеу немесе Тауарлар режимдерінде объектіні суретке түсіріп алыңыз. Суреттің астындағы қойынды бойынша өтіңіз: мұнда зат туралы толық ақпарат беріп, дүкендер мен бағаны (егер тауар болса) көрсетеді, ұқсас заттарды ұсынады және ұқсас заттар бар сайттардың тізімін береді.
-
Аударма режимінде камераны шет тілінде жазылған мәтінге бағыттаңыз. Камера мәтінді оқып, аудармасын көрсетеді. Мәтінді көшіру және Яндекс Аудармашы қызметінде ашу опциялары пайда болуы үшін
батырмасын басыңыз. -
Мәтін режимінде камераны мәтінге бағыттаңыз. Егер ол камераға толық түспесе, дауыс көмекшісі камераны қажетті бағытқа бұруды сұрайды. Ақылды камера мәтінді толық оқып болғаннан кейін дауыс көмекшісі оны дауыстап айтып береді. Сіз оны көшіріп алып, жібере аласыз.
Қаріп өлшемін өзгерту
Шағын қаріпті оқу қиындық туындатса немесе экранды алыстан көрсету қажет болса, қаріп өлшемін үлкейтіңіз, сонда мәтінді оқу жеңілірек болады.
Мәтін масштабы туралы толығырақ
Қараңғы тақырып
Қараңғы тақырыпта қосымшаның фоны күңгірт болады, ал қаріп ашық түсті болады. Кешке немесе түнде күңгірт жарықта қараңғы экран көздің шаршауын азайтады.
Қараңғы тақырып туралы толығырақ
Монодыбыс
Әдетте дыбыстық жолдың бір бөлігі сол жақ құлаққапқа, ал екіншісі оң жақ құлаққапқа беріледі. Монодыбыс екі дыбыс шығару арнасын біріктіреді және дыбыс екі құлаққапқа бірдей беріледі. Бұл бір құлақ ауырса немесе бір құлаққапты пайдалану қажет болса ыңғайлы болуы мүмкін.
Монодыбысты қосу
Ескерту
Құрылғыға байланысты амалдар реті айрықша болуы мүмкін.
-
Құрылғының баптауларын ашыңыз.
-
Кеңейтілген баптаулар → Арнайы мүмкіндіктер тармағына өтіңіз.
-
Есту қабілеті қойындысында Монофондық дыбыс опциясын қосыңыз.
Контрастылықты арттыру
Контрастылық мәтінді фонмен салыстырғанда әлдеқайда жарқын және айқын етеді. Көру қабілеті нашар немесе жарықтандыру жарық болған кезде пайдалы болуы мүмкін.
Контрастылықты арттыру
Ескерту
Құрылғыға байланысты амалдар реті айрықша болуы мүмкін.
-
Құрылғының баптауларын ашыңыз.
-
Кеңейтілген баптаулар → Арнайы мүмкіндіктер тармағына өтіңіз.
-
Көру қабілеті қойындысында Контрасты жоғары мәтін опциясын қосыңыз.
Субтитрлер
Субтитрлер есту қабілеті нашар болғанда ғана емес, видеоны дыбыссыз немесе шулы жерде көрген кезде де пайдалы болады.