---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.55.0
alternate:
  - https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/en/personal-settings/backgrounds.md
  - https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/kk/personal-settings/backgrounds.md
  - https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/ru/personal-settings/backgrounds.md
  - https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/tr/personal-settings/backgrounds.md
  - https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/uz/personal-settings/backgrounds.md
  - href: kk/personal-settings/backgrounds.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/kk/llms.txt


# Браузердің сыртқы түрі

Қараңғы тақырыпты таңдап, [Ақылды жол](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/kk/navigation/search.md#smartbox) және [Тақта](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/kk/personal-settings/tableau.md) жаңа [қойындыда](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/kk/navigation/tabs.md) бейнеленетін фонды өзгерте аласыз.

## Браузердің қара тақырыбы {#theme}

Әдепкі бойынша Браузер элементтері (қойындылар, [Ақылды жол](https://yandex.com/support/browser-mobile-android-phone/kk/navigation/search.md#smartbox) және т.б.) ашық фонда көрсетіледі. Браузерді безендіру тақырыбын өзгерту үшін:

1. ![](../_assets/settings-menu-icon.svg =22x) → **Баптаулар** → **Безендіру** батырмасын басыңыз.

1. Безендіру нұсқасының біреуін таңдаңыз:

    - **Әрқашан күңгірт**
    - **Әрқашан ақшыл**
    - **Жүйедегідей**


## Сайттарға арналған күңгірт тақырып {#sites}

Браузер элементтерін ғана емес, сонымен қатар беттерді де күңгірт етуге болады. Оларды түнде қарау ыңғайлы: жақын адамдар экранның жарқын жарығынан оянбайды.


{% cut "**Барлық сайттар үшін**" %}


Сайттар үшін қараңғы тақырыпты қосу үшін:

1. ![](../_assets/settings-menu-icon.svg =22x) → **Баптаулар** → **Безендіру** батырмасын басыңыз.

2. **Әрқашан күңгірт** немесе **Жүйедегідей** опциясын таңдаңыз.

3. **Сайттарға арналған қараңғы тақырып** опциясын қосыңыз.


{% endcut %}

{% cut "**Жеке сайт үшін**" %}

{% note info %}

Егер барлық сайттар қараңғы тақырып қосылған болса, бір сайт үшін тақырыпты баптауға болады.

{% endnote %}


Бір сайт үшін қараңғы тақырыпты қосу үшін:

1. Сайт бетінде ![](../_assets/promo-settings-icon.svg =22x) белгішесін басыңыз.

2. **Сайтта ашық түсті тақырыпты қосу** опциясын басыңыз.

Сайт үшін ақшыл тақырыпты сөндіру үшін ![](../_assets/promo-settings-icon.svg =22x) → **Сайтта күңгірт тақырыпты қосу** батырмасын басыңыз.

{% endcut %}

{% note info %}

Кейбір Яндекс қызметтері әрқашан ашық түсті тақырыпта көрсетіледі, себебі олар осылай жақсырақ көрінеді.

{% endnote %}



## Қараңғы тақырып yandex.kz {#search-theme}

Сіз басты бет, іздеу нәтижелері мен Яндекс сервистері үшін қараңғы тақырыпты қоса аласыз:


{% cut "**Басты беттің баптауларында**" %}

 [Баптаулар бетінде](https://yandex.kz/tune/common) **Жалпы** → **Сыртқы көрініс** бөліміне өтіңіз және **Әрқашан күңгірт** тармағын таңдаңыз. 

{% endcut %}

{% cut "**Іздеу нәтижелерінде**" %}

{% note info %}

Іздеу нәтижелерінде безендіруді таңдау үшін [Яндекс ID](https://passport.yandex.kz/profile) арқылы авторизациядан өтіңіз.

{% endnote %}

1. Іздеу нәтижелері бар бетті жоғары айналдырыңыз.

2. Оң жақ жоғарғы бұрышта профиль портретін басыңыз.

3. **Сыртқы көрініс** → **Әрқашан күңгірт** тармағын таңдаңыз.

{% endcut %}



## Браузердегі фон {#change}

Фон ретінде суреттерді пайдаланыңыз:


{% cut "**Фондар галереясынан**" %}

1. ![](../_assets/settings-menu-icon.svg =22x) → **Фондар галереясы** батырмасын басыңыз.

2. Қажетті альбомнан суретті таңдаңыз және **Қолдану** батырмасын басыңыз.


{% note info %}

Күніне бір рет өзгеріп тұратын **Фондар галереясындағы** кездейсоқ суреттер немесе бейне кезектесуін қосуыңызға болады. 
- **Бір альбом үшін**. **Фондар галереясынан** қажетті альбомды таңдаңыз және **Альбломдағы фондарды алмастыруды** басыңыз.
- **Барлық альбомдар үшін**. **Фондар галереясында** **Фонды күн сайын алмастыру** батырмасын басыңыз.

{% endnote %}


{% endcut %}


{% cut "**Смартфоннан**" %} 



1. ![](../_assets/settings-menu-icon.svg =22x) → **Фондар галереясы** батырмасын басыңыз.

2. **Телефоннан жүктеу** батырмасына басыңыз.


3. Суретті ашу қажет қосымшаны таңдаңыз (егер бұл файл түріне әдепкі түрдегі қосымша тағайындалмаған болса).

4. Қажетті суретті таңдаңыз.



{% endcut %}



## Интерфейс тілі {#language}

Сіз Браузер интерфейсінің тілін өзгерте аласыз.


{% cut "**Браузерде**" %}


1. ![](../_assets/settings-menu-icon.svg =22x) → **Баптаулар** батырмасын басыңыз.

2. **Қосымша тілі** опциясын басыңыз.

3. **Автоматты түрде анықтау**опциясын өшіріңіз.

4. Тілді таңдаңыз.


{% endcut %}

{% cut "**Құрылғының баптаулары арқылы**" %}


{% note info %}

Мобильді құрылғыларды өндірушілер Android интерфейсін өзгерте алады. Android жүйесінің түрленбеген нұсқасына арналған нұсқаулықтар келтірілген.

{% endnote %}



1. Құрылғының баптауларын ашыңыз.


2. **Жүйе** → **Тіл және енгізу** → **Тілдер** тармағын басыңыз.


3. Тілді таңдаңыз.


{% endcut %}



{% note alert %}

Егер таңдалған тілді Браузер қолдамайтын болса, оның интерфейсі ағылшын тіліне ауысады.

{% endnote %}



## Сұрақтар мен мәселелер {#backgrounds-problems}


{% cut "**Браузер баптауларындағы тақырыпты өзгерткеннен кейін yandex.kz тақырыбы өзгерген жоқ**" %}


Басты беттің, іздеу нәтижелері мен Яндекс сервистерінің безендіру тақырыбы Браузерге тіркелмеген. Yandex.kz тақырыбы Браузер тақырыбымен бірдей болуы үшін [басты беттің баптауларында](#search-theme) **Жүйедегі сияқты** опциясын таңдаңыз.


{% endcut %}

{% cut "**yandex.kz тақырыбы өзгерген жоқ**" %}


Егер [басты бетті безендіру](#search-theme) үшін сіз **Жүйедегі сияқты** опциясын таңдасаңыз, бірақ тақырып өзгермесе, Браузер баптауларында ашық түсті немесе қараңғы тақырып таңдалған болуы мүмкін.

**Жүйедегі сияқты** опциясын [Браузер](#theme) үшін де таңдаңыз.


{% endcut %}


{% cut "**Фон өздігінен менің қатысымсыз өзгерді**" %}



![](../_assets/settings-menu-icon.svg =22x) → **Фондар галереясы** → **Фонды ауыстыруды өшіру** батырмасын басыңыз.


{% endcut %}


<!-- {% include [form](../_includes/reusables/forms-and-buttons/id-form/form.md) %} -->

<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->

