Браузердегі деректерді импорттау

Google аккаунтынан деректерді импорттау

Егер Google аккаунтыңыз болса және Google Chrome браузерінде синхрондау қосулы болса, құпиясөздерді, бетбелгілерді, тарихты және басқа деректерді сол жерден көшіріп алуға болады. Яндекс деректеріңізді құпиялылық саясатына сәйкес сенімді түрде сақтайды. Деректерді бірнеше рет көшіруге болады, олар жай ғана қайталанбай біріктіріледі.

  1. Меню.

  2. Жалпы бөлімінде Google-дан деректерді көшіру опциясын басыңыз.

  3. Көшірілетін деректерді таңдаңыз:

    • Сайттардың құпиясөздері;
    • Автотолтыру деректері;
    • Бетбелгілер;
    • Іздеу тарихы.
  4. Google-ға кіру және көшіру опциясын басыңыз, авторизация беті ашылады.

  5. Google-да авторизациядан өтіңіз.

    Ескерту

    Көшіру кезінде авторизациядан қайта өту немесе кіруді растау қажет болуы мүмкін (Google нұсқауларын орындаңыз).

Осыдан кейін деректерді көшіру басталады.

  • Көшіру кезінде:

    • көшіру аяқталмайынша Бразуерді жаппаңыз, бұл бірнеше минутқа созылуы мүмкін;
    • осы уақытта сіз браузерді пайдалануды жалғастыра аласыз, көшіру фондық режимде орындалады;
    • осы уақыт бойы төменгі оң жақтағы Меню белгішесінің түрі күйінде болады.
  • Егер көшіру сәтті аяқталса:

    • «Google-дағы деректеріңіз сәтті көшірілді» хабарын аласыз;
    • төменгі оң жақтағы Меню белгішесінің түрі болады.
  • Егер көшіру сәтсіз аяқталса:

    • «Google-дағы деректеріңізді көшіру мүмкін болмады» хабарын аласыз;
    • төменгі оң жақтағы Меню белгішесінің түрі болады;
    • деректерді көшіруді қайталап көруге болады.

    Назар аударыңыз

    Егер деректеріңізді шифрлау қосылған болса, сіз Google Chrome браузерінен деректерді импорттай алмайсыз.

Деректерді сақтау арқылы басқа браузердегі деректерді импорттау

  1. Мобильді құрылғыда деректерді көшіру үшін:

    1. Меню батырмасын басыңыз.

    2. Профиль портретіне басыңыз.

      Ескерту

      Егер сіз Яндексте тіркелмеген болсаңыз, деректерді көшіре алмайсыз, себебі сервердегі деректер Яндекс ID аккаунтында сақталады. Тіркелу үшін Тіркелу батырмасына басыңыз және есептік жазбаның параметрлерін толтырыңыз.

    3. Деректерді аккаунтта сақтау бөлімінде аккаунтқа қандай деректерді көшіргіңіз келетінін таңдаңыз:

  2. Компьютерге Яндекс Браузерді орнатыңыз.

  3. Браузерге мобильді құрылғыда қосылған Яндекс ID арқылы кіріңіз.

  4. Экранның оң жақ жоғарғы бұрышында өз профиль портретіне Браузердегі Менің профилімДеректерді басқару батырмасын басыңыз.

  5. Деректерді сақтауды қосып, қай деректерді көшіру керектігін көрсетіңіз.

  6. Басқа браузердегі деректерді импорттаңыз.

    Сіздегі Яндекс Браузердің баптауларында көрсетілген браузерлерден деректерді тікелей импорттай аласыз.

    Назар аударыңыз

    Егер деректеріңізді шифрлау қосылған болса, сіз Google Chrome браузерінен деректерді импорттай алмайсыз.

    1. Меню → Баптаулар тармағын басыңыз.

    2. Жалпы баптаулар бөлімінде Деректерді импорттау батырмасын басыңыз.

    3. Браузерлердің бірін немесе бетбелгілері бар HTML файлын таңдаңыз.

    4. Көшіргіңіз келетін деректер түрін (қойындылар, бетбелгілер, құпиясөздер және т. б.) белгілеңіз.

    5. Көшіруді басыңыз.

    Көшіру аяқталған соң біраз уақыттан кейін деректер синхрондалып, мобильді Браузерде пайда болады.

Қолдау қызметіне жазу