Синхрондау әртүрлі браузерлердің, мысалы, Яндекс Браузер мен Google Chrome арасында жұмыс істемейді.
Деректеріңізді бүкіл құрылғыларыңыздан пайдалану үшін сақтап отырыңыз.
Деректерді не үшін сақтау керек?
Деректер сіздің Яндекс ID-ге тіркелген аккаунтыңызға автоматты түрде сақталып отырады және Яндекс Браузер орнатылған бүкіл құрылғыларыңыздан (смартфон, планшет, компьютер) қолжетімді.
Құпиясөздер мен карталар, бетбелгілер, жеке деректер, ашық қойындылар мен қойынды топтары, Браузер тарихы, Тақта, кеңейтімдер мен баптаулар сақталады.
Деректерді сақтау және алмасу сізге мынадай мүмкіндіктер береді:
бүкіл құрылғыларда құпиясөздер менеджерін қолдану (құпиясөздерді автоматты түрде қою, құпиясөздерді шифрланған қоймада сақтау, егер сіз мастер-құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, сайтқа кіруді қалпына келтіру);
құрылғыңыз жоғалып немесе істен шыққан жағдайда да, құпиясөздер, бетбелгілер, қойындыларды және Браузердің баптауларын қалпына келтіру.
Сіз сақталатын деректер тізімін кез келген сәтте өзгерте аласыз.
Деректер қаншалықты жиі сақталып отырады?
Деректер сіз оларды өзгерткен сайын сақталып отырады. Мысалы: сіз құрылғыға бетбелгі қосасыз — Браузер оны серверге жібереді және басқа құрылғыларда жасаған барлық өзгерістеріңізді бір уақытта жүктейді (соңғы сақталған сәтінен бастап).
Бұл қауіпсіз бе?
Иә, сіздің деректеріңіз қорғалған. Деректерді аралық сақтау үшін Яндекс сервері қолданылады, онда ақпарат қорғалған арна бойынша, ал құпиясөздер шифрланған түрде беріледі. Сервердегі деректер авторлану жүйесімен қорғалған.
Деректерді сақтауды қалай қосу керек?
Деректер сіздің аккаунтыңызға мына жағдайларда автоматты түрде сақталып отырады:
Барлық құрылғыларда (смартфон, планшет, компьютер) Яндекс Браузер орнатылған.
Барлық құрылғыларда Яндекс ID-ге тіркелген бірдей аккаунт қолданылады.
Маңызды
Қойындылар топтарымен алмасу үшін топтар мәзірін ашып, қай топтарды бұлтқа сақтау керектігін таңдаңыз.
Сақтау және алмасу үшін деректер тізімін өзгерту
Оң жақ төменгі бұрышта белгішесі → профиль портретіне басыңыз.
Деректерді аккаунтта сақтау бөлімінде опцияларды сіздің құрылғыларыңыздың арасында тек қажетті деректер жіберіліп отыратындай етіп баптаңыз:
Егер баптау қосылған болса, деректер сіздің барлық құрылғыңыздан қолжетімді болады.
Егер баптау сөндірулі болса, деректер тек осы құрылғыда сақталады.
Ескерту
Кеш сіздің құрылғыларыңыздың арасында жіберілмейді.
Банк карталарын сақтау негізгі құпиясөз қосулы болған кезде ғана қолжетімді.
Сақталған деректерді өшіру
Назар аударыңыз
Серверден өшірілгеннен кейін деректерді қалпына келтіру мүмкін емес.
Деректерді осы құрылғыдан қалай өшіруге болады:
Оң жақ төменгі бұрышта белгішесі → профиль портретіне басыңыз
Профильді басқару бөлімінде Профильді жою тармағын таңдаңыз.
Ашылған терезеде профильді және онымен байланысты деректерді жоюды растаңыз.
Ескерту
Профильді өшіргеннен кейін деректер Яндексте сақталады және сіз оларды кез келген құрылғыдан оған осы аккаунтқа тіркелген профильді қосқан кезде пайдалана аласыз.
Деректерді Яндекстен қалай өшіруге болады:
Оң жақ төменгі бұрышта белгішесі → профиль портретіне басыңыз
Профильді басқару бөлімінде Яндекстегі аккаунтты жою тармағын таңдаңыз.
Ашылған терезеде профильді және онымен байланысты деректерді жоюды растаңыз.
Ескерту
Өшіргеннен кейін деректер Яндексте сақталмайтын болады және тек сіздің аккаунтыңызбен байланысы болған құрылғыларда қалады.