Яндекстің Деректерді сақтау және өшіру жөніндегі саясаты

Яндекс пен сіздің елде сервисті ұсынатын компания өңдейтін дербес деректер біздің Құпиялылық саясатымыз және осы Деректерді сақтау және өшіру жөніндегі саясатымыз бойынша реттеледі.

Дербес деректерді сақтау қажеттілігі деректердің санаты, оларды жинау мақсаты, сондай-ақ қолданылатын заңнамаға тәуелді.

1. Бұл Саясаттың мақсаты қандай?

Осы Деректерді сақтау және өшіру жөніндегі саясат біздің Құпиялылық саясатымызға сәйкес сіздің дербес деректеріңізді сақтау, сақталуын қамтамасыз ету және өшіру арқылы өңдеу үшін жауапты дербес деректер операторы қолданатын ережелерді белгілейді.

Ол сіздің дербес деректеріңіз сізге сервистерді ұсыну үшін қажет кезең ішінде және заңнама мен нормативтік актілердің талаптарын сақтау үшін сақталатындығына кепілдік береді.

2. Қандай қағидалар қолданылады?

Сіздің дербес деректеріңіз олар жиналған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет мерзім ішінде ғана сақталады және оларды сақтау қажеттілігі жоғалған кезде өшіріледі.

Біздің сервис істейтін кейбір елдерде заңнама бізді сіздің дербес деректеріңізді белгілі бір уақыт ішінде сақтауға міндеттейді. Өз еліңізде қолданылатын Деректерді сақтау және өшіру жөніндегі саясатты немесе сіз тұратын аймаққа арналған тиісті сақтау мерзімдері көрсетілген кестені қарап шығыңыз.

3. Деректерді сақтау кестесі деген не?

Біз сіздің дербес деректеріңізді деректер санатына қарай төменде келтірілген кестеде көрсетілген мерзім ішінде сақтаймыз.

Деректердің санаттары

Деректер

Сақтау мерзімдері

Сәйкестендіру деректері

Аты

Лақап аты

Телефон нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

Сіз біздің сервистерді пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін 3 жыл ішінде

Тапсырыс туралы деректер (жалпы)

Тапсырыс күні мен уақыты

Жөнелту нүктесі

Межелі нүкте

Бағдар

Баға

Төлем деректері

Байланыс деректері

Клиенттің талғамдары

Сіз біздің сервистерді пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін 3 жыл ішінде

Тапсырыс туралы деректер (өзге)

Межелі мекенжай

Жеткізу мекенжайы

Сіз біздің сервистерді пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін 5 жыл ішінде

Тұрған жеріңіз туралы деректер

Геолокация

Сіз біздің сервистерді пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін 3 жыл ішінде

Фотосуреттер

Парақша суреттері

Селфи

Сіз біздің сервистерді пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін 3 жыл ішінде

Жүргізушінің деректері

Ұлттық жеке куәлік деректері

Жүргізуші куәлігінің деректері

Тұрғылықты ел

Тұрғылықты қала

Азаматтығы

Туған күні

Туған жері

Жүргізуші өтілі

Көлік құралының типі, моделі және маркасы

Көлік құралының нөмірі

Жүргізуші куәлігінің немесе ұлттық жеке куәліктің скан-көшірмесі

Жүргізуші куәлігін немесе ұлттық жеке куәлігін қолына ұстап түскен селфи

Орындалған тапсырыстар саны

Сіз біздің мобильді қосымшаларды пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін 3 жыл ішінде

Жүргізушінің деректері (өзге)

Рефералдық код

Жүргізуші мәртебесін алуға өтінім бергеннен кейін 1 жыл

Төлем деректері

Несие немесе дебет картасының деректемелері

Банктік деректемелер

Электрондық әмиян деректемелері

Мобильді шоттың деректемелері

Төлем әдісі

Тапсырыс жасалғаннан кейін 5 жыл

Формаларда жиналған деректер

Аты

Телефон нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

Пікірлер, хабарламалар, бағалар немесе пайдаланушының түсініктемелері

Сіз біздің сервистерді пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін 5 жыл ішінде

Қосылым деректері

IP-мекенжай

Құрылғының ID

Құрылғының типі мен моделі

Мобильді операциялық жүйе

Браузер немесе мобильді қосымша туралы мәліметтер

1 жыл

Мобильді қосымшаны пайдалануға қатысты деректер

Пайдаланушының ID

Тапсырыстардың жиілігі

Тапсырысты орындауға жұмсалған уақыт

Жиі тапсырыс берген қызметтер немесе тауарлар

Мобильді қосымшаны қолданған кезде қаралған экрандар саны

Тапсырыстың орташа құны

1 жыл

Жарнама

Жарнамалық идентификатор

1 жыл

Қолдау қызметінің деректері (жалпы)

Тапсырыс деректері мен тарихы

Төлем деректері

Байланыс деректері

Әлеуметтік желілердегі аккаунт

Сіз берген немесе қолдау қызметі сұратқан түсініктемелер, тіркемелер мен өзге мәліметтер

Мобильді қосымша ішіндегі немесе өзге тәсілмен жасалған хат-хабар

Сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін немесе, егер сіз пайдаланушы болмасаңыз, қолдау қызметіне жүгінгеннен кейін 3 жыл

Қолдау қызметінің деректері (өзге)

Әңгіменің жазбасы

Әңгіме жазылған сәттен бастап 3 ай

Қауіпсіздік жүйелерінің деректері

Аудиожазба

Видеожазба

Аудио және/немесе видеоматериалдар жазылған сәттен бастап 3 ай

Даулар мен заңды талаптар

Құқықтық талаптарды белгілеу, жүзеге асыру немесе қорғау үшін қажетті деректер

Сіз біздің сервистерді пайдаланған уақыт бойы және сіздің аккаунтыңыз жойылғаннан кейін, егер өзге мерзімдер белгіленбеген болса, 3 жыл ішінде

Жарияланған күні: 10.10.2025