«ЯНДЕКС.МУЗЫКА – ҒАСЫР ДИСКОТЕКАСЫ» ЖАРИЯ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ПРЕАМБУЛА

Осы Жария байқау туралы ереже (ары қарай — Ереже) «Яндекс.Музыка – Ғасыр дискотекасы» жария байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейді (ары қарай – Байқау).

1. ТЕРМИНДЕР

Осы ережеде қолданылатын төмендегі терминдер мен түсініктемелер жекеше және көпше түрде де тең қолданылатын келесідей мәнге ие:

Қатысушы — он төрт жасқа толған, өз атынан әрекет ететін және Ереже талаптарына сәйкес байқау тапсырмасын орындаған ақыл-есі дұрыс жеке тұлға. Ұйымдастырушы қызметкерлері және/немесе онымен аффилирленген компаниялар, Байқауды ұйымдастыруға тартылған басқа тұлғалар, сонымен қатар олардың отбасыларының мүшелері Қатысушы бола алмайды.

Байқау жеңімпаздары — осы Ережелерде көрсетілген критерилерге сәйкес Байқау нәтижелеріне сай жүлделі орындар алған Қатысушылар.

2. БАЙҚАУ МАҚСАТТАРЫ

Бұл Байқау ашық болып табылады және музыка өнеріне назар аудару сияқты қоғамдық пайдалы мақсатта өткізіледі.

3. БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Байқау ұйымдастырушысы «ЯНДЕКС» жауапкершілігі шектеулі қоғамы болып табылады (НМТН: 1027700229193), орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы): 119021, Ресей, Мәскеу қ., Лев Толстой көш., 16 үй.

4. БАЙҚАУ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

4.1. Байқау үшін мынадай мерзімдер бекітілген:

  • Байқаудың басталуы туралы хабарлама - 2017 ж. «07» маусымынан 2017 ж. «23» маусымына дейін.

  • 2017 ж. «07» маусымынан 2017 ж. «23» маусымына дейін 10:00 (МСК) – Қатысушыларды тіркеу, қатысуға өтінімдер жіберу;

  • 2017 ж. «23» маусымы 12:00 (МСК) – қорытындылар шығару, Жеңімпаздарды хабарлау;

  • 2017 ж. «23» маусымы 13:00 (МСК) – жүлделер тапсыру.

4.2. Байқау өткізілетін орын: Ресей, Қазақстан, Беларусь.

5. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ

5.1. Байқау өткізу шарттары туралы ақпаратпен https://music.yandex.ru/contest/prom мекенжайындағы сайтта танысуға болады (ары қарай – «Байқау беті»).

5.2. Орындаушы https://yandex.ru/legal/music_discoteka_veka/index.html мекенжайындағы сайтта орналасқан ережелер бетінде жариялау арқылы РФ АК 1058 бабында қарастырылған тәртіпте аталмыш шарттарды өзгерту құқын өзіне қалдырады.

6. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

6.1. Байқауға қатысу үшін Қатысушыға келесі әрекеттер жасау қажет:

1) Байқау бетінде кем дегенде 8 әннен «плейлист жинау» түймешігінің көмегімен плейлист жасау (ары қарай - «плейлист»). Байқау бетінде біреуден артық плейлист жасауға болмайды және бұл осы Ережелерді бұзу болып есептеледі.

2) Плейлист үшін атауды көрсету.

3) Плейлист мұқабасын жүктеу. Плейлист мұқабасын жүктей отырып, Қатысушы кескіннің үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарының ауыртпашылығы жоқтығын, және Қатысушы осындай кескінге жалғыз және заңды иеленуші болып табылатынын растайды. Логотиптер салуға болмайды және бұл осы Ережелерді бұзу болып есептеледі.

6.2. Егер тұлға Ережелердің 6.1. т. қарастырылған әрекеттердің бірін орындамаған жағдайда, сондай-ақ тұлға Ережелер шарттарына сәйкес қатысуға құқылы болмаса, ол Акцияға қатысқан болып есептелмейді және Жүлде алуға үміткерліктен айрылады.

6.3. Ұйымдастырушы өтініші бойынша Байқау Жеңімпаздары ұсынуы тиіс қосымша мәліметтер:

  • тегі, аты, әкесінің аты;

  • тұрғылықты жері;

  • төлқұжат деректері;

  • туған жылы;

  • байланыс телефоны;

  • банк деректемелері;

  • жұмыс/оқу орны;

  • мамандығы.

6.4. Жеңімпаздар Ұйымдастырушы сайтында олардың тегін, аттарын, әкесінің атын, фотосуреттері және/немесе логинін жариялауға келісім береді.

7. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

7.1. Плейлистері басқа қолданушылардан «Менің музыкама» қосу» белгілерінің көп мөлшерін жинаған 3 (үш) Қатысушы Акция жеңімпаздары болады және сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орынды иеленеді. Белгілерді есептеу 2017 ж. «23» маусымында сағ. 12:00 (МСК) жүзеге асырылады.

8. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ЖАСАУ

8.1. Байқау қорытындылары Байқау Бетінде Жеңімпаздар туралы ақпарат салу арқылы жарияланады.

9. ЖҮЛДЕЛЕР

9.1. Жүлделерді Байқау Ұйымдастырушысы ұсынады.

9.2. Жеңімпаздар алған жүлделі орнына сәйкес мынадай жүлделер алады:

9.2.1. Бірінші орын алған Жеңімпаз үшін — Яндекс.Музыкаға жылдық жазылымға промокод + 1000 рубльге Яндекс.Афишаға промокод.

9.2.2. Екінші орын алған Жеңімпаз үшін — Яндекс.Музыкаға жартыжылдық жазылымға промокод + 1000 рубльге Яндекс.Афишаға промокод.

9.2.3. Үшінші орын алған Жеңімпаз үшін — Яндекс.Музыкаға үш айлық жазылымға промокод + 1000 рубльге Яндекс.Афишаға промокод.

9.3. Жеңімпазға Жүлде алуға байланысты табысқа қатысты ЖТТС төлеу бойынша міндет артылмайды, өйткені мұндай Жүлделер құны 4 000 (төрт мың) рубльден аспайды.

10. ЖҮЛДЕЛЕРДІ АЛУ РЕТІ

10.1. Жеңімпаздарға Жүлделер тапсыруды Байқау Ұйымдастырушысы осы Ережелердің 1 т. бекітілген мерзімде Жеңімпаздың Яндекс.Музыка аккаунтына байланыстырылған e-mail-ге Жеңімпаздарға Жүлде тапсыру реті туралы электрондық хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырады.

10.2. Ұйымдастырушы Жеңімпаздан Жүлде алуға шығатын қосымша шығындарды өтемейді.

11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

11.1. Байқау Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының аумағында ұйымдастырылып, өткізіледі.

11.2. Осы Ереженің 6.1. т. қарастырылған тәртіпте Қатысушыны тіркеу Байқау мен осы Ереженің барлық шарттарымен сөзсіз келісімді білдіреді.

11.3. Ережеде реттелмеген барлық мәселеде, тараптар Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

11.4. Байқауды ұйымдастыру және өткізуге байланысты туындайтын барлық даулар мен қайшы пікірлер келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулы мәселелер Ұйымдастырушы орналасқан жердегі сотта шешілуі тиіс.