Cookie файлдарын пайдалану саясаты

Осы Cookie файлдарын пайдалану саясатының португал тіліндегі нұсқасын осында табуға болады.

Осы Cookie файлдарын пайдалану саясатының испан тіліндегі нұсқасын осында табуға болады.

Cookie файлдарын пайдалану саясаты ("Саясат") Air Smart Advertising Solutions FZ-LLC компаниясының немесе Яндекс.Рекламамен ("Яндекс") қатынастарыңыздың ерекшелігіне қарай Қызметтер көрсететін өзге заңды тұлғаның өнімдері мен қызметтеріне ("Қызметтер") қолданылатын жалпы Құпиялылық саясатына толықтыру ретінде қолданылады. Саясатта cookie файлдарының типтері, оларды пайдалану мақсаттары және олардан бас тарту тәсілдері сипатталады.

Cookie файлдары - сервер сіздің құрылғыңызға жіберетін сайтқа кіру туралы қызметтік ақпарат бар деректердің шағын фрагменттері. Cookie файлдары сіздің артықшылықтарыңыз туралы ақпаратты жадына сақтайды және сіз белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кіретін сайттарды неғұрлым ыңғайлы қарау мүмкіндік береді. Мысалы, cookie файлдары Қызметтерге сізге ақпаратты сіз әдетте пайдаланатын тілде ұсыну мүмкіндігін береді.

Яндекс cookie файлдарын мына мақсаттарда пайдаланады:

  • Қызметтер жүйесінде қалуыңызға көмектесу;
  • Қызметтерді пайдалану тәжірибеңіздің сапасын жақсарту;
  • сіз үшін басым болатын ақпаратты көрсету;
  • сіздің жарнамалық артықшылықтарыңызды және қауіпсіз іздеу параметрлерін сақтау;
  • сізді қызықтыруы мүмкін жарнаманы көрсету;
  • Қызметтерді пайдалану статистикасын талдау.

Cookie файлдары арқылы алынған деректерге негізінде, Яндекс сіз пайдаланатын Қызметтер үшін барынша пайдалы функцияларды әзірлейді, статистикалық және маркетингтік зерттеулер жүргізеді, Қызметтердегі қателерді түзетеді және Қызметтердің өнімділігін арттыру үшін жаңа функцияларды тестілейді, оларды дербестендіреді және сізге ең релевантты ақпарат көрсетеді.

Яндекс cookie файлдарының әр түрлі типтерін пайдаланады. Оларды пайдаланудың негізгі міндеті - Қызметтермен жұмысыңыздың ыңғайлылығын қамтамасыз ету, жұмысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қолдау, аудиторияны санап отыру, төлемдермен, беттер бойынша навигациямен көмектесу және т.б. Барлық Яндекс cookie файлдары келесі типтердің біріне жатады:

(і) техникалық cookie файлдары - Қызметтердің дұрыс жұмыс істеуі және толық функциялылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Мысалы, ең таралған техникалық cookie файлдарының кейбірлері - yandex_uid немесе session_id. Олар автоматты түрде орнатылады және Қызметтерде аутентификация және кейінгі авторизация мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Secure_session_id деген cookie файлдары пайдаланушыларды авторизациядан өткізу және төлем жасау кезінде есептік деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

(іі) Аналитикалық және маркетингтік cookie файлдары, олар мыналарға мүмкіндік береді:

  • пайдаланушыларды тану, олардың санын санау және орындалған транзакциялар, кірген беттер және Қызметтер қаралымдары сияқты ақпаратты жинау;
  • сіздің аппараттық немесе бағдарламалық жасақтамаңызды, мысалы, браузер немесе құрылғы типін сәйкестендіру (мысалы, device_id cookie файлының көмегімен);
  • сіздің Қызметтермен қалайша әрекеттесетініңіз, мысалы, қызметтінемесе өнімді сатып алуыңыз туралы ақпарат жинау;
  • жарнаманың өзектілігін қамтамасыз ету, жарнамалық науқандардың тиімділігін арттыру.

(ііі) Басқа cookie файлдары әртүрлі сервистік функцияларды орындайды және Яндекстің сайттары мен сервивтерімен жұмысты неғұрлым ыңғайлы етеді. Бұл файлдар беттің күйін жадына сақтауға, өңірді таңдауға (мысалы, yandex_gid cookie файлының көмегімен), дербес параметрлерді, мысалы, мәтіннің өлшемі, қаріп сияқты сайттың пайдаланушы элементтерін (мысалы, font_loaded cookie файлының көмегімен) және т.б. сақтауға көмектеседі.

Яндекс веб-маяктарды (пиксель тегтерін) сіздің құрылғыңызда бұрын орналастырылған cookie файлдарына қол жеткізу үшін пайдалана алады. Оларды пайдалану Сіздің құрылғыңызда сақталатын cookie файлдарына қол жеткізу және оларды пайдалану жолымен Қызметтермен жұмыс істеу кезіндегі әрекеттеріңізді талдау үшін, Қызметтердің немесе өнімдердің өздерінің және Яндекс утилиталарының жұмысы туралы статистика жинау үшін қажет.

Сонымен қатар Яндекс Y-cookie файлдарын - бірнеше мәнді қамтитын контейнерлерді пайдаланады. Мысалы, ys аты бар cookie контейнері портал деректерін бүкіл сеанс бойы (яғни, сіз браузердің бетін немесе терезесін жапқанша) сақтап отырады. Y-cookie файлдары сіздің браузеріңіз өңдейтін cookie файлдарының санын азайтады және беттерді жүктеу өнімділігін жақсартады, оның ішінде беттердің жылдамырақ жүктелуін қамтамасыз етеді.

Яндекс пайдаланатын Яндекс.Метрика веб-аналитика құралы трафик көздері, сайтқа келу көрсеткіші туралы анонимделген ақпаратты жинауға және жарнаманың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Келушілерді есепке алу үшін Яндекс.Метрика cookie файлдарында сақталатын браузердің анонимді идентификаторларын пайдаланады. Яндекс.Метриканың cookie файлдары туралы толық ақпаратты https://yandex.ru/support/metrica/general/cookie-usage.html мекенжайы бойынша табуға болады.

Яндекс пайдаланатын Google Analytics веб-аналитика құралы трафик көздері, сайтқа келу көрсеткіші туралы анонимделген ақпаратты жинауға және жарнаманың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Келушілерді санау үшін Google Analytics cookie файлдарында сақталатын браузердің анонимді идентификаторларын пайдаланады. Google Analytics cookie файлдары туралы толық ақпаратты https://policies.google.com/technologies/partner-sites?hl=en-US мекенжайы бойынша табуға болады.

Cookie файлдарының осы типтерінің кейбірін өшіру Қызметтердің белгілі бір бөлімдерін немесе функцияларын пайдалану мүмкінсіздігіне әкелуі мүмкін. Мысалы, авторизацияны талап ететін Қызметтер бөлімдеріне қол жеткізу сайт дұрыс жұмыс істей алмайтын техникалық сookie файлдарының көмегімен жүзеге асырылады.

3. Сookie файлдары құрылғыңызда қаншалықты ұзақ сақталады?

Яндекс сеанстық сookie файлдарын Қызметтермен жұмысыңызды ыңғайлырақ ету үшін пайдаланады. Мысалы, cookie_check сookie файлын пайдалану кезінде Қызметтердегі авторизация деректеріңіз жадқа сақталады және басқа домен аймағына өткен кезде атворизация рәсімінен қайтадан өту қажет емес. Сеанстық cookie файлдарының жарамдылық мерзімі сеанстың соңында аяқталады (браузер бетін немесе терезесін жапқанда).

Сонымен қатар Яндекс сақтау мерзімі ұзағырақ cookie файлдарын пайдалануы мүмкін, мысалы, Қызметтерде тіл немесе орналасқан жер сияқты артықшылықтарыңызды жадқа сақтау үшін. Сақтау мерзімі cookie файлдарының типіне байланысты. Мұндай cookie файлдары өз міндетін орындап қойғаннан кейін автоматты түрде жойылады.

Яндекс cookie файлдарындағы ақпаратты осы Саясатта, сондай-ақ Құпиялылық саясатында көрсетілген шарттарға сәйкес пайдаланады.

4. Cooki файлдарын басқару

Қызметтерге алғаш рет кірген кезде сізге ашылмалы терезеде (немесе басқа техникалық шешімнің көмегімен) сіздің құрылғыңызда сақталатын cookie файлдарының типтерін таңдау ұсынылады. Алайда, техникалық cookie файлдары браузер параметрлерінде басқаша көрсетілмесе, бет жүктелген кезде автоматты түрде орнатылады. Егер сіз cookie файлдарын пайдалануды мақұлдасаңыз, бірақ содан кейін шешіміңізді өзгерткіңіз келсе, сіз бұны браузеріңізде сақталға нфайлдарды жойып, өз бетінше жасай аласыз.

Сіз сонымен қатар https://yandex.ru/tune/adv мекенжайы бойынша орналасқан функционалды пайдаланып, дербестендірілген жарнаманы көрсету параметрлерін өзгерте аласыз немесе мұндай жарнаманы өшіре аласыз.

Яндекс Қызметтерді пайдаланған кезде құрылғыңызға cookie файлдарын орнатуға міндетті келісіміңізді талап етпейді. Егер cookie файлдарының сіздің құрылғыңызға сақталуын қаламасаңыз, браузер параметрлерінде бұл опцияны өшіріңіз. Сақталған cookie файлдарын сонымен қатар кез келген уақытта браузердің жүйелік параметрлерінде жоюға болады. Барлық cookie файлдарын немесе Яндекс қызметтерін қоса алғанда белгілі бір сайттардан cookie файлдарын әдепкі қалпы бойынша қабылдау немесе олардан бас тарту үшін браузер параметрлерін өзгерте аласыз. Яндекс браузерінде cookie файлдарын басқару тәсілдері туралы толық ақпаратты https://browser.yandex.ru/help/personal-data-protection/cookies.html сілтемесі бойынша біле аласыз.

Егер сіз Яндекс қызметтерінің бірінде cookie файлдарын пайдалануды мақұлдасаңыз, бұл сіздің мұндай келісімді cookie файлдарын Яндекстің барлық қызметтерінде пайдалануға келісім бергеніңізді білдіреді.

Сіздің құрылғыңызда орналасқан cookie файлдарының көмегімен жиналатын ақпарат қолданыстағы заңнамаға сәйкес https://yandex.com/legal/international_ads_privacy/?lang=en мекенжайында орналасқан Құпиялылық саясатының 4-6 бөлімдерінің шарттарына сай сақталады.

Яндекс серіктестері де Қызметтерді пайдалану шеңберінде cookie файлдарын немесе пиксель тегтерін пайдаланатын пайдлаанушылар туралы ақпаратты жинай алады. Cookie файлдарын және басқа технологияларды пайдалану Яндекске және оның серіктестеріне Қызметтерді пайдалану кезінде белсенділікті талдау, кіру санын санау немесе Қызметтер үшін дербестендірілген жарнаманы көрсету мүмкіндігін береді.

Құрылғыңызда орналасқан cookie файлдары көмегімен жиналған ақпарат Яндекске және/немесе серіктестерге Құпиялылық саясатының шарттарына сәйкес берілуі және қолжетімді болуы мүмкін. Жиналған ақпаратты Қызметтерден тыс пайдалану серіктестердің сайттарында қолжетімді жекелеген пайдаланушы келісімдерімен реттелуі мүмкін. Яндекс және/немесе серіктестер сонымен қатар сізге мұндай өнімдер мен ұсыныстарға қолданылатын заңдарға және ережелерге сәйкес жарнаманы дербестендіруден бас тарту мүмкіндігін беруі мүмкін.

Жарияланған күні: 27.10.2025